Екі дос үй-үйдің арасымен әңгімелесіп келе жатты.Оның біреуі-Ақселеу де, екіншісі-Абыз.Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын, демікпе сырқаты болатын.Бір үйдің жанынан өте бергенде, дәу қара төбет абалап үріп шыға келді.
-Ақселеу,қаш,әне,ит келіп қалды!-деп,Абыз айғайлап жүгіре жөнелді.
Ақселеу жерден бір шыбық алып, қашпастан итке қарсы ұмтылды.Бірақ оның шалбары жырым-жырым болды. Абыз Ақселеудің жанына келіп:
-Мен қаш дегенде неге қашпадың?Қашсаң,сен де аман қалатын едің,-деді.
-Мен қашсам, денсаулығын жоқ,алысқа жүгіре алмайтын сен тұтылып, мен құтылатын едім.Сені қорғап қалу үшін әдейі қашпадым,-деді Ақселеу.