Менің Отаным Қазақстан. Елімнің жері қандай кең байтақ болса, халқымның көңілі де пейілі де сондай кең. Халқым ежелден өзінің қонақжайлылығымен аты шыққан. Құдайы қонақпыз,- деп келген жанға өз төрінен орын берген. Ақ дастарханға асыл асын қойып баптаған. Міне, менің халқым, осындай қонақжай.