Белдеулік уақыт деген не

0 голосов
92 просмотров

Белдеулік уақыт деген не


География (12 баллов) | 92 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов

Адам өмірінде қолайсыздық тудырмау үшін Халықаралық келісім бойынша Жер шары 24 сағаттық белдеуге бөлінген.Әр сағаттық белдеу 15°-тан тұрады. Белдеу ішінде уақытты барлық нүктеден ортаңғы меридиан бойынша есептеуге келісілген. Сондықтан бір сағаттық белдеудің ішіндегі уақытты белдеулік уақыт деп атайды. 24 сағаттық белдеудің өз нөмірлері (сандары) бар: 0-ден 23-ке дейін. Гринвич меридианы ортасынан өтетін сағаттық белдеу нөлдік болып қабылданды. Гринвич меридианынан 7°33' б. б. және 7°30' ш. б. аралығы нөлдік белдеу (оның өзі 24-ші де). Белдеулердің есебі осыдан шығысқа қарай жүргізіледі. Яғни 7° 30' ш. б. пен 22°30' ш. б. меридиандардың аралығы - бірінші белдеу, 22°30' пен 37°30' аралығы - екінші белдеу, 37°30' пен 52°30' аралығы - үшінші белдеу, одан әрі төртінші, бесінші болып 24-ші нөлдік белдеуге дейін жалғасады. Әрбір белдеудегі уақыт көршілес белдеудегі уақыттан дәл 1 сағат айырма жасайды. Мысалы, сағаттық белдеулер картасы бойынша мынаны анықтауға болады, Гринвич меридианында күндізгі 12:00 болғанда, Замбийде 14 сағат, ал Гринвич меридианында 16:30 болғанда, Перуде 11:30. Сағаттық белдеулер картасында белдеулердің шекаралары меридиандар бойынша дәл жүргізілмегендігін байқаймыз. Олар облыстардың, мемлекеттердің шекараларын бойлап немесе қалаларды айналып өтеді. Бұл бүкіл облыс (елді мекендерімен бірге) 1 сағаттық белдеуде жатып, уақыт өлшеміне қолайлы болу үшін жасалған.

(37 баллов)
0 голосов

Опиолтлпрпмспим пеораеорпкопе поппе

(52 баллов)