Бала кезімнен естіген, үйренген,білген сөздерімнің ішінен бір сөз көкейімнен ерекше орын алады. Өйткені ол сөзді әжем де, анам де, әкем де мен үшін тілдерімен емес, жүректерімен айтып отыратындай сезілетін. Кейде әжем сол сөзді маған арнап айтқанда, мейірлене кеудесіне қысып, маңдайыма ыстық лебін тигізе иіскейтін.