Организмдердің эмбриондық және постэмбриондық дамуы.Органогенез.

0 голосов
149 просмотров

Организмдердің эмбриондық және постэмбриондық дамуы.Органогенез.


Биология (35 баллов) | 149 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Органогенез (гр. organon – орган, мүше және ...генез) – эмбриогенезде мүшелердің түзілу үдерісі. Жануарлар мүшелері мен мүшелер жүйесінің пайда болу және даму сатысы. Органогенезгаструла сатысынан кейін басталады. Мүшелердің әрқайсысынан бұрынғы белгілі орында, бұрынғы белгілі жасушалар тобынан негізделіп, қалыптасады.Ол 2 кезеңге бөлінеді.1-ші кезең нейруляция. Бұл фазада нерв түтігі және хорда қалыптасады. 2-ші фазада ұрықтың қалған мүшелері пайда болып, олардың өздеріне тән пішіндері мен құрылысының өзара үйлесімділігі қалыптасады. Сонымен бірге оның дамуына тұқым қуалау ақпаратының негізі қаланған ДНҚ молекулалары ғана емес, оны қоршаған ұлпалар, жасушалар, олардың химиялық заттары әсер етеді.

Ғалымдар қазіргі кезде ұрық жапырақшасының қайсысынан қай мүшелер жүйесінің түзілетінін толық анықтады. Ұрық жапырақшаларының теориясын жете тексеруге орыс биологі A. О. Ковалевский(1840-1901) орасан зор үлес қосты және осы заманғы ұрық жапырақшалары теориясының заңды түрде негізін қалаушы деп есептеледі. Ең соңғы зерттеулерде теорияға аздаған толықтырулар енгізілді. Бұл ашылған жаңалықтың эволюциялық теорияны дәлелдеу кезінде орасан зор маңызы болғандығын атап көрсету жөн. Ұрықтық дерттенуді, зерттеулердің себебін айқындау кезіндеэмбриологтар күні бүгін пайдалануда.

Сонымен ұрық жапырақшалары былай орналасады: сыртқы қабаты - эктодерма, ортаңғы қабаты - мезодерма, ал ең ішкі қабат - энтодерма. Ал олардың түзілуінде аздаған жүйелік өзгерістер бар. Ең алдымен сыртқы эктодерма және ішкі - энтодерма оңашаланады, ал бұдан соң олардың аралығынан мезодерма орнығады. Энтодерманы ішек қуысы астарлайды.

(52 баллов)