Маған ұнайтын спорт түрі ауыр атлетика, яғни белтемір (штанга) көтеру.Штанга көтерумен бала күннен бастап айналысу арқылы Илья сияқты үлкен жетістіктерге жетуге болады.Ол үшін тынбай жаттығып,ерінбей жұмыс істеу керек.Әкем кішкентай белтемір сатып әперді,күнделікті үйде сонымен жаттығам.Спортшы болу үшін таза ауада жаттығу, тамақты талғап ішу керек,уақыттыңды дұрыс пайдалану арқылы өзіңді тәртіпке үйретесің.Денең шымыр болады, салмақ қуу арқылы реттеліп отырасың.Мен үлкейгенде Олимпиада жеңімпазы болуды армандаймын.Ол тек қана арман болып қалмас үшін тынбай жаттығып,ерте тұрамын,өзіме қатаң талап қоямын,күн режимін құрып жұмыс істеймін.Мен арманыма қайтсем де жетемін! Ильяның жолын қуамын!