Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы 1939 жылы Қазақстанның Қызылорда облысы Арал ауданында 50 884 гектар жерде құрылған. Бүгінде қорықтың құрылымдық бөлімшелері «Барсакелмес» және «Қасқақұлан» атауы бар кластерлік учаскілер, сонымен қатар «Дельта» (Сырдарияның кіші атырауы) болып табылады. Аталмыш жерді сонау 1929 жылдан бастап қорғай бастаған, ол, Барса – келмес аралында аңшылық шаруашылық ұйымдастырылғаннан соң, сайғақ, ор қояндарын, сұр құрларды, сырдария қырғауылдарын әкелуден басталған. 1953 жылы қорықтың аумағында Бахыздан әкелінген түркмендік құландар, кейінірек, қабандар, құмды сарышұнақтар, құмқояндары, үй қояндары пайда бола бастады.