Менің болашақ мамандығым-гидрофизик.Көп адамдар неліктен сондай қиын мамандыкты таңдадың деп айтып жатады. Бұл мамандықты таңдау себебім: қазіргі кезде Қазақстанда мамандар жетіспейді, екіншіден бұл мамандықтың ешқандай қиындығы жоқ, сонымен қатар бұ мамандық өте сирек кездеседі .Менің сүйікті сабақтарым - математика мен физика. Осы сабақтар -менің болашағымның баспалдақтары. Сондықтан физика мен математикаға көп көңіл бөліп жүрмін. Әр адамның өзінің мамандығы болады, Ол- өзінің мамандығын өз қалауы бойынша таңдайды. Содан да әр адамға өз жұмысы - ыстық.Мен өз арманыма жету үшін ата-анамның айтқанын бұлжытпай тыңдап, уақытымды босқа өткізбей, тек сабаққа ғана арнаймын.