Мангилик ел шыгарма жазып

0 голосов
102 просмотров

Мангилик ел шыгарма жазып


Қазақ тiлi (12 баллов) | 102 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Мәңгілік ел... Мәңгілік Қазақстан... Ата бабаларымыздың мәңгілік арманы, мәңгілік аңсары болатын. Ертеңгі аймаңдай күннен үмітті біздің елдің ұраны да, жыр-әні де сол болуға тиіс. Алайда, байлық пен абырой, жаңарулар мен жаңғырулар аспаннан жаумайды. Оған жетуден үміткер елдің еңкейген кәрісі мен жел көкірек жасы тек нәтижелі Еңбек пен тұғырлы Ғылымға ғана арқа сүйеуі қажет. Осы екеуіне тәу еткен жұрт мұратына жетеді. Сонда барып халықтың әл-ауқаты көтеріледі, сонда барып бізді әлем мойындайды, сонда барып Қазақстан жер бетіндегі азулы 30 мемлекеттің қатарынан ойып отырып орын алады. Қазақстанның Мәңгілік ел болуы дегеніміздің бір парасы осындай. Қазақстанда алдағы 15-17 жыл ішінде аса ауқымды өзгерістер мен жаңғыртулар болмақ. Дегенмен, 2050-ге жеткізер жолдағы ұлан қайыр бәсекелестікті де назардан шығармаған жөн. Бүгінгі таңда мемлекеттің қарыштап дамуының басты көрсеткіші – оның Экономикалық Ынтымақтастық пен Даму ұйымына мүшелігімен өлшенеді. Республика халқының 70 пайызы қалалық тарға айналуышарт. Қазақстан Еуразиядағы алдыңғы қатарлы медициналық туризм елі болады. Ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыру аяқталады. Біздің еліміз әлемдегі нағыз қой үстіне бозторғай ұя салар жұмаққа айналады. Бұл мұраттарға жету оңай емес. Әр бес жылдықтың мойнына артылар жүк аса ауқымды. Берілген тапсырмалар дер кезінде орындалғанда ғана біз мақсаттарымызға жетеміз.

(323 баллов)