Менің күнделікті өмірім шығарма

0 голосов
135 просмотров

Менің күнделікті өмірім шығарма


Қазақ тiлi (12 баллов) | 135 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Өмір - театр дейді емес пе?! Күлесіз, жылайсыз, қуанасыз... Басты кейіпкерде өзің жүргендейсің. Ал кейбіреулер оны поезбен теңестіреді. Онда кездескен жолаушылар біздің өмірде кездестірген адамдарымызға ұқсайды. Бірақ олардың да біз сияқты поездан түсетін жерлері бар. Кейбіреулері біздің жол бойғы қуанышымыз бен қайғымызға ортақтасады, олар ата-анамыз, бауырларымыз. Жолдан мінген кей жолаушылар уақыт өте бізге жақын болып кетеді, кейбіреулері келесі станциядан түсіп қалады, ал кейбірі басқа купеге ауысып кетеді.
Ал енді біреулер өмірді өзенмен теңейді.
Өмірге деген көзқарас әр адамда әр қилы. Бірақ менің ойымша оның мәні болу керек. Бір күндік өмірдің мәні болмайды. Мен әр кеш сайын өзімнің өткен бір күніме талдау жасаймын. Бүгін мен не жасадым? Жаксылык па, жамандык па саралаймын. Дұрыс емес жерлерімді келесі күні жібермеуге тырысамын. Бірақ адам қателіксіз өмір сүруі мүмкін емес. Тек сол қателікті уақытында біліп отыру керек деп ойлаймын.
Әр адам алдына мақсат қойып, сол мақсатқа жетуге тырысады. Мен сол арман қуып, алдыма мақсат қойып, оз таңдаған мамандығыма да түстім.Міне, осылайша Алланың қалауымен мен Алматының студенті атандым. Бұрыннан армандайтынмын осы қалада оқысам деп. Мен журналистика мамандығында оқимын. Сіздерге қызық болса, бір күндік өмірімді айта кетсем…
Біздің университет Байзақов көшесінде орналасқан. Ал мен өзім Құлагер ықшам ауданында әпкеммен бірге тұрамын.Таң ата тұрып, жуынып-шайынып, асханада қалғып- мүлгіп таңғы асымызды ішіп аламыз. Тып-тыныш. Тек қана сылдырлаған ыдыстардың ғана дауыстары естіліп жатады.Тамақтанып болған соң, дайындала бастаймыз. Бір жақтан киімдерімізді үтіктеп, бір жақтан шылқылдатып әтір сеуіп жатамыз.. Нағыз жанталас осы жерде басталады.

(148 баллов)