Ана- бар болғаны үш әріптен құралған,бірақ мағынасы асқақ,бізге ауадай қажет,қадірлі де асыл анамыз. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» демекші аяулы анамыз қасымызда жүрсе біз қиындық көрмейміз,өмірдің тәтті дәмін татып бақытты ғұмыр кешеміз.Менің гүлдің нәріндей аяулы да ардақты анашым бар.Түн ұйқысын төрт бөліп мен үшін аянбай еңбек етіп жан ұшырған анашым! Анам Сәукелесін кигенде күндей жарқырайды ,алқа мен сырғасын таққанда айдай,анамыздың бар болғанына Аллаға шүкіршілік айтамыз.