Переведите пожалуйста
Балаларға арналған ойыншықтар қандай болу керек?
Балаларға олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес сыйлық берген жөн. Ойыншық баланың рухани азығы болғандықтан, оны дұрыс таңдай білудің маңызы зор.
Балаларға арналған ойыншықтар оңай жуылатын, түсі де, түрі де көз тартатын болуға тиіс. Балаға жас кезінен бастап жеңіл суретті кітапшалар сыйлап, сол арқылы кітапқа деген суйіспеншілік дарытуға, кітапты ұқыпты ұстауға үйретуге болады. Оларға сурет салуға арналған құралдар, түрлі түсті қарындаштарды, акварель бояуларды сыйлауға болады.
Баларға ойыншықтар, кітаптар және сурет салатын нәрселерден басқа сыйлыққа тәтті тағамдар, жемістер және киім-кешек алу да ұнайды.