5-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер. Алғыс Қан қызыл...

0 голосов
101 просмотров

5-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.
Алғыс
Қан қызыл қызанаққа тойғаннан кейін Қасым мен Хасен шешесіне:
- Апа, дәмді қызанақ бергеніңіз үшін сізге рахмет! - деді.
- Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар, жақсы қызанақ өсіргені үшін бақшаға айтыңдар!
Балалар бақшаға жүгіріп келді де, өсіп тұрған қызанақтарға бас иіп, алғыс жаудырды. Қызанақ жапырақтары былай деп сыбдырлады:
- Ол алғыстарыңды бізге айтпаңдар, құнарлы қара топырақты Жерге айтыңдар!
Қасым мен Хасен Жерге еңкейіп, басын иіп тұрып, алғыс айтты:
- Мейірімді Жер, дәмді қызанақ өсіргенің үшін көп-көп рахмет!
Жер жұмсақ, майда қара топырағын бүлк еткізіп, былай деді.
- Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар. Нұр үстіне нұр төгіп, әлемге шуақ себетін құдіретті Күнге айтыңдар!
Екі бала қара көзілдірік киіп, Күнге қарады да, бар дауыспен:
- Уа, әлемге тіршілік берген, мейірімді Күн! Сенің сәулеңнен нәр алған қызанақ қандай дәмді еді. Сол үшін саған көп-көп рахмет! – десті.
- Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар, - деді Күн күлімдеп тұрып. - Қызанақты дәмді еткен - адамның еңбегі! Қызанақты отырғызып, баптаған адамға алғыс айтыңдар!
Қасым мен Хасен бақшаны баптап жүрген шешесіне жүгіріп:
Екеуі жарыса алғыстарын айтып шықты. Шешей күлімдеп тұрып:
Менің еңбегімді бағалағандарың үшін сендерге де рахмет! Өздерің де бақшаға жеміс өсіріп, ерінбей-жалықпай күтіңдер. Ол өсіп, өнім береді. Еңбектеріңе жұрт сүйсініп, сендерге де алғыс айтатын болады, - деді.
(М. Төрежанов )
Сұрақтар:
1. Екі бала кімдерге алғыс айтты? Не үшін?
2. Нағыз алғыс иесі кім? Неліктен?
3. Анасы балаларға қандай ақыл айтты?
4. Мәтінде отбасы бақытының қандай қағидасы берілген деп ойлайсың?


Қазақ тiлi (86 баллов) | 101 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

1.Екі бала апасына, өсіп тұрған қызанақтарға, құнарлы қара топырақты жерге, құдіретті күнге алғыстарын айтты. Себебі оларға қызанақтардың дәмдері қатты ұнады.   2.Нағыз алғыс иесі - анасы. Себебі ол бақшаны күні-түні баптап күтті.Соның жемісін де сондай дәмді қызанақтар пайда болып отыр.  3.Оларға: өздерің де бақшаға жеміс өсіріп, ерінбей-жалықпай күтіңдер. Ол өсіп өнгенде, еңбектеріңе жұрт сүйсініп, сендерге алғыс айтатын болады,- деп ақылын айтты.  4.Мәтінде жалпы еңбекқорлық туралы айтылған.

(468 баллов)