Қазақта салт-дәстүр көп. Ол адам ана құрсағына біткеннен басталады. Оны құрсақ той деп атайды. Онан соң нәресте дүниеге келгенде шілдехана жасалады, онан соң нәрестені бесікке салады, оны бесік той деп атайды. Бала қырық күнге толғанда қырқынан шығару рәсімін жасайды, нәрестенің тырнағын, шашын алады, қырық қасық суға түсіреді. Нәресте тәй-тәй басқанда тұсау кесер тойы жасалады, бұл бала өмірде сүрінбей мақсаттарына жетсін деген тілекпен.