-Айтайын айт дегенің емен екен,
Мен көрдім емен жолы төмен екен.
Көсілген қөмекейің ақын болса,
Балықтың ең үлкені немене екен?
-Балықтың ең үлкені жайын екен,
Бір жұрты ер жігіттің қайын екен.
Қылығың ел жұртыңа жағып өтсе,
Алдыңда халал жарың дайын екен.
-Айтайын айт дегенің емен екен,
Мен көрдім емен жолы төмен екен.
Жасыңнан жұмбақ қуған дана болсаң,
Балықтың екіншісі немене екен?
-Біреуі онан кейін шортан балық,
Қонады түйелі бай сортаңды алып.
Атадан артық туған асыл болсаң,
Балықты мен ұстаған жүр таңдалық.