Таңертең беті- қолымды жуып ас бөлмеге кіріп қалғанда, ақ көгершін тереземнің алдында тұр екен. Ешқандай назар аудармадым. Үйден сабаққа шығып бара жатқанда аялдамада тұрсам әлгі ақ көгершін алдыма ұшып келді. Қызық екен деп ойланып қалдым. Сөйтіп сабақтан шығып үйге жаяу қайттым. Жолдан өте берісте байқамай қалдым. Бір сәтте сол жағымнан көлік қатты жылдамдықта келе жатыр, оған қақтығысып қалмай қайта әлгі ақ көгершін алдымнан зу ете ұшып кеп мен жолдың шетіне жылжуыма мәжбүр етті. Міне, осы әңгімеге сеніп отырған сіздерде ақымақ екенсіздер.