Ар намыс туралы канатты накыл соз

0 голосов
332 просмотров

Ар намыс туралы канатты накыл соз


Қазақ тiлi | 332 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Нысап пен ұят әділеттен шығады. Абай Құнанбаев Бір аяқ сусын - екі кісінің құны: су табылмаса шөлдеген өледі, ұяттан - тауып бермеген өледі. Сырым Датұлы Қазаққа ар-ұят ең жоғары саналады. Ғабит Мүсірепов Әділеттілік, арлылық пен махаббат - қабірден әрі өткендегі үш жолдасың осылар. Абай Құнанбаев Арсыз болмай - атақ жоқ. Абай Құнанбаев Арын сатқан антұрғанның айтқан сөзі құрсын. Абай Құнанбаев Арыңды сатып тапқан мал - харам. Абай Құнанбаев Пайда ойлама - ар ойла. Абай Құнанбаев Арсыз сөз қыдыртып, жұрт құтыртуға құмар. Абай Құнанбаев Ар-намыссыз - ұлттық сана мен ұлттық намыс та тұл. Нұрсұлтан Назарбаев Жалған намыс - қасиет емес, ар сақтаған - қасиет. Мұхтар Әуезов Құс ілген қудың ұятта ісі болмайды. Махамбет Өтемісұлы Ат - шабысына қарай шабады, ер - намысына қарай шабады. Сырым Датұлы Сайланарда бермейтін уәделері жоқ. Сайланып алған соң аспанда құдай барын, ел-жұрт алдында абырой -ұят барын ұмытып кетеді. Ғабит Мүсірепов Ұятсызбен ұстаспа. Махмұд Қашқари Тау суындай тұнық та мөлдір ар. Сағат Әшімбаев Ар жазасы - бар жазадан ауыр жаза. Мұхтар Әуезов Масқарадан ажал да ақтап ала алмайды. Мұзафар Әлімбаев Айтуға - ұят, айтпасаң - қиянат. Шерхан Мұртаза Рухы мен намысы сөнген ел - өлген ел. Шерхан Мұртаза Ұлттығыңды жойып, тіліңді кесіп, аузыңды буа берсе - қорқақ та боласың, бүгежек те, именшек те боласың. Шерхан Мұртаза Малым - жанымның садағасы, Жаным - арымның садағасы.

(66 баллов)