Әр адам өскенде кім боламын деп армандайды. Көбісі мұғалім, дәрігер болғысы келеді.
Жетінші сыныпта мен аудармашы боламын деп шештім. Мен адамдарға түрлі тілде тілдесуіне көмектескім келетінін түсіндім. Сондықтан да тілдік курстарға қатысып, ағылшын тілі кітаптарын оқи бастадым.
Қазіргі таңда аудармашы мамандығы көптеген сұранысқа ие. Мамандық қиын болса да, еңбек пен уақытты талап етсе де, оның жақсы жақтары да көп. Мысалға, аудармашы жаңа адамдармен таныса алады, саяхаттап, елдің мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы жаңа нәрселер біле алады.
Сондықтан да тоғызыншы сыныптан кейін аудармашы колледжіне баруды ұйғардым. Мен ағылшын, неміс және қазақ тілдерін оқимын.
Маған бұл мамандық өте ұнайды, және мен жақсы аудармашы боламын деп үміттенемін.
Помогла как смогла =) удачи ;)