Переведите текст пожалуйста)))))
қазақ халқының мінезіндегі ең жақсы қасиеттердің бірі - қайырымдылық.Қайырымсыз адамдарды сый, құрметке лайықсыз деп есептеген. Оларды өз ертегілерінде, аңыз әңгімелерінде,өлеңдерінде күлкі етіп әшкерелеген. Мысалы, Алдаркөсе туралы аңыздарда Алдаркөсе қайырымсыз, сараң байларды күлкі етеді . 20 ғасырдың бірінші жартысында Ресейден, Украинадан,Кавказдан Қазақ-станға мыңдаған адамдар, отбасылар жер аударылып келгенде , қазақ халқы оларға үлкен қайырымдылық жасайды. Елде ашаршылық болса да , өздеріаш болса да ,оларды үйлеріне қабылдайды. Бір үзім нанды бөліп жеп, өлімнен құтқарды. Орыс, неміс, украин, шешен, қарашай, корей, тұрік т .б. халықтардың ондаған мың өкілдері аман қалып, өсіп-өнді. Бүгінде олар Қазақстан халқын құрап отыр