Біріккен сөздер деген не?

0 голосов
45 просмотров

Біріккен сөздер деген не?


Қазақ тiлi (12 баллов) | 45 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов

Біріккен сөздер — екі түбірдің бірігуі арқылы жасалатын күрделі сөздер.


Олардың кейбір тобы құрылымдық жағынан сөз тіркестеріне жақын. Мысалы, ақкөңіл, қырықаяқ, теміржол, атаққұмар, үшбұрыш, антұрған, т.б.

(26 баллов)
0 голосов

Біріккен сөздер — екі түбірдің бірігуі арқылы жасалатын күрделі сөздер.


Олардың кейбір тобы құрылымдық жағынан сөз тіркестеріне жақын. Мысалы, ақкөңіл, қырықаяқ, теміржол, атаққұмар, үшбұрыш, антұрған, т.б. Негізінен, Біріккен сөздерге біртұтастылық қасиет тән боп келеді.


Оларды бірнеше топқа бөлуге болады:

а) екі компоненті бірігіп, ортақ мағына пайда болады. Мысалы, ақбоз, алтыбақан,басқұр, еңбеккүн;

ә) әр компонент ортақ екпінмен айтылып, екі сөз бірігеді, соның нәтижесінде сөз құрамы түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшырайды. Мысалы, алөкпе (ала+өкпе),алауыз (ала+ +ауыз), жамбас (жан+бас), күздігүні (күзді+күні), қайнаға (қайын+аға), т.б.

Кейбір Біріккен сөздердің құрылымы тарихи даму барысында танымастай өзгеріп, кіріккен сөздерге айналған. Мысалы, әкел (алып+кел), бүгін (бұл+күн), ағайын (аға+ +іні), білезік (білек+жүзік).

Біріккен сөздердің өзіне тән графикалық ерекшелігі бірігіп жазылу не дефис арқылы жазылуы. Біріккен сөздер негізінен, сөз тіркесінен туатындықтан, олардың құрама бөліктерінің өзіне тән тіркесу тәсілдері бар:

(30 баллов)