Менің армандайтын үйім.
Біз үлкен отбасымыз. Біз көп қабатты үйде, үш бөлмелік пәтерде сегіз адам тұрамыз. Мен үлкен үйді армандаймын. Ол үй кең аулада орналасады. Өзі екі деңгейде болады. Бірінші деңгейде асхана, туалет, шаруашылық заттары тұратын бөлме. Жоғарғы қабатта, әрқайсысымыздың жатын бөлмелеріміз, қонақ бөлмесі болады. Бөлмемізді әрқайсысымыз өз қалауымызша жабдықтаймыз.