1. Шындықты айт, білгеніңді жайып таста,
Мансапқа, жалғандыққа қадам баспа.
2. Кекті тайдыр жолыңнан, әділдікті саяла.
3.Мұратыңа жеткенше, дос - дұшпанға сыр берме.
4. Тіршілікте құрыштай бол төзімді,
Сан мәртебе алдаса да өзіңді.
Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,
Тіпті кейде кетсе дағы әзәзілдер азғырып.
5. Мықтымын деп мақтанба, ақыл білсең
Мықты болсаң өзіңнің нәпсіңді жең.