Тәрбиелі азамат болуға отбасының тигізер әсері зор. Бала шыр дүниеге келгеннен бастап, ата-ана баласына қамқор болады. Міне, ата-ананың сәбиіне деген махаббатының өзі осы тәрбиенің басы. Олар өздерінің шыдамдылығымен, еңбекқорлығымен, білімділігімен балаларына үлгі болады. Бала бәрін тез қабылдайды. Ата- ананың мейрімділігін, өзіне деген құрметін, сыйластығын, қамқорлығын көріп өскен бала, ертең осы жақсылықтарын өздеріне қайтарады. Айналасындағыларға да қамқор бола алады. Отбасындағы тәрбие оның ертеңіне жолдама.