Қазақ тілі дара баяндауыш дегеніміз не?

0 голосов
94 просмотров

Қазақ тілі дара баяндауыш дегеніміз не?


Қазақ тiлi (63 баллов) | 94 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов

Бір сөзден тұратын баяндауыш. Мысалы: Ернар жүгірді. жүгірді - дара баян-ш.
ал егер, жүгіріп жүр болса, онда күрделі.

(162 баллов)
0 голосов

Грамматика
Морфология

Сөз құрамы
Түбір
Жұрнақ
Жалғау
Көптік жалғау
Тәуелдік жалғау
Септік жалғау
Жіктік жалғау
Сөз таптары
Зат есім
Сын есім
Сан есім
Есімдік
Етістік
Үстеу
Шылау
Еліктеу сөз
Одағай
Синтаксис

Сөз тіркесі
Сөйлем мүшелері
Бастауыш
Баяндауыш
Анықтауыш
Пысықтауыш
Толықтауыш
Баяндауыш деп сөйлемде бастауыштың қимылын, ісін, жай-күйін, кім, не екенін білдіріп тұратын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз.

Баяндауыштар көбінесе сөйлемнің соңында тұрады да, не істейді? не болды? не етеді? қайтеді? қандай? қанша? кім? не? деген сұрауларға жауап береді.

Баяндауыш болатын сөз таптары

Дара және күрделі баяндауыш

Дара баяндауыш — жеке бір сөзден болған баяндауыш.

Күрделі баяндауыш деп екі я одан да көп сөздерден құралып, бір-ақ ұғымды білдіретін баяндауышты атайды.

Күрделі баяндауыштар келесі жолдармен жасалады:

Күрделі етістіктен
Есім сөздер мен көмекші етістіктердің тізбегінен жасалады
Ілік септіктегі есім сөздер мен көмекші есімдердің тіркесуі арқылы жасалады
Күрделі сан есімнен болады
Есім сөздер мен мөлшер, өлшемнің бірлігін білдіретін сөздердің тіркесінен болады
Жоқ, бар, тиіс, жөн, керек, қажет сияқты сөздер мен көмекші етістіктер тіркесіп келіп те, күрделі баяндауыш жасайды
Қалыптасқан тұрақты сөз тізбектерінен (идиомалардан) да жасалады.

(84 баллов)