Біз ағам екеуміз әрдайым көмектесеміз. Анаммен дүкенге барып, алған заттарын үйге көтерісіп келеміз. Ас ішіп болған соң, дастарханды жинап, ыдыстарды жууды біз істейміз. Ауланы тазалау, бақшаны суару ол жұмыстарды әкеммен бірге атқарамыз. Ата-анаға көмектесу біздің парызымыз.