Мен өте тамаша, өзіммен сүйікті отбасында тұрамын. Біз өте татумыз, біз бірге демалғанды, спортпен айналысқанды, бірге қонаққа барып, қонақтарды бірге қарсы алғанды ұнатамыз.
Біздің үлкен ыңғайлы үйімізде алты адам тұрады. Мен, ата-анам, ағам, інім, әжем. Бізге жылылықты, ыңғайлылықты анам жасайды, оның аты жөні, Ләззат Кабиевна. Ол тамаша адам, бәрімізді сүйеді, бәрімізге қамқор болады. Бәріміз бірге фитнеске барғанды, үйдегілерге тәтті тағам дайындағанды, сырларымызбен бөліскенді ұнатамыз.
Әкем өте мейрімді, кітап оқығанды ұнатады: күні бойы оқи алады. Бірақ бізге де уақыт бөледі, еркелетеді, әсіресе Рахошты (кішкене інім). Ол он бір жаста. Рахымжан тенниспен айналысады.. Ол бесінші сыныпта оқиды. Інім менімен жиі ерегіседі, бірақ осыған қарамай маған онымен уақыт өткізген қызықты. Ағам Бауыржан, ол жиырмада, үйде сирек болады, Америкада оқиды. Біз оны қатты сағынамыз. Әжем, әкемнің анасы қонаққа барғанды ұнатады, сондықтан ол үйде көбіне бола бермейді. Өскенде менде оған ұқсайтын боламын,- деп ойлаймын, себебі ол көпшіл, көңілді, өмірді сүйеді.
Міне, осындай тату, көңілді, бақытты отбасымыз. Мен отбасымды өте сүйемін.