Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып
Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып
Зымырлайды менің бала кезімдей
Бір жалт етіп өте шыққан, өте шыққан сезімдей, - деп Тұмағаң жырлағандай көктемде тамаша әндерімен келген құстардың да сызылтып ән сала, қимастықпен қайтатын кездері де таяп жетті. "Алақайлап", қолымызды бұлғап күтіп алғанымыз кеше ғана секілді еді...