Соз касиеты эссе ** казахском

0 голосов
85 просмотров

Соз касиеты эссе на казахском


Қазақ тiлi (12 баллов) | 85 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Халқы ежелден сөз қадірін білген, сөзге тоқтаған. Ұрпағына «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле» деп үлкен міндет жүктеген. Аңдамай сөйлесең, ауырмай өлесің, қадір-қасиетің кетеді, елге күлкі боласың» деп ескертіп, сөз құдіретін асырып отырған. Себебі сөз біздің ата-бабамыз көтере алмаған үлкен жүкті ғасырлар бойы көтеріп, шашпай-төкпей бүгінгі күнге жеткізген.
Сонау заманнан бері халқымыздың асыл қазынасы: тарихын, өнерін, жырларын, халық ауыз әдебиетінің барлық түрлерін ауыздан-ауызға таратып, бізге мұра етіп жеткізіп отырған да осы сөз еді. Ұрпақ жадында сақталып бізге жеткен бұл сөздер бабаларымыздың аманаты еді.
Сондықтан да сөзді сақтау, оны қадірлеу, орнымен сөйлеу, сөз қадірін білу қазіргі және кейінгі ұрпақтардың мәңгілік міндеті мен парызы болуға тиіс.
Біздің қазақта «Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіру» деген әріден келе жатқан сөз бар. Екі ауыз ұтымды, ұтқыр, қисынды айтылмаған жағдайда даулы екі руды елдің атысып,шабысып, тоз-тоз боп кететін жайлары тарихтан белгілі. Сол себепті сөз құдіретін, сөз өнерін дамытуға, сөздің күшімен құдіретін ортаға әсер,  ықпалын арттыруға бүкіл халық болып, арғы замандардан бері ат салысқан.  Халық аталы сөзді алты жасар бала айтса да, айтушысына қарап, айтқанына қарап бағалаған, тыңдаған. Ақылы асса аға ғой деп құрметтеген, сөзге тоқтаған.
Осындай құдіретті шешен сөздің дән қамбасындай болған елдің ұрпағы біздер бұл күнде сөз меңгеру, қолдану, пайдалану жағдайымыз қандай? Мені осы мәселе көп толғандыруда. Ортамызда орыс тілді қаракөздер мен екі ауыз сөздің басын қосып сөйлей алмайтын үлкендер де, жастар да, оқушылар да аз емес. Ұлы заңғар жазушы М.Әуезов «Туған елінің тарихын, әдебиетін, тілін білмеген ұлт-ұлт болып жарымайды» деп айтып кеткен жоқ па? Толғандырған осы мәселені сыныбымда түйінін шешуге көп көңіл бөлемін. Міндетті түрде мақал-мәтел, тұрақты сөз тіркестері, синоним сөздерді көп жаттатып, күнделікті өмірде, үйде, мектепте, көшеде жүргенде қолдану керектігін үнемі естеріне салып, ана тілі, қазақ тілі сабақтарында сөздік қорларын молайту мақсатында жарыстырып, салыстырып отырамын.

(348 баллов)