Біздің кешкі асымыз. Менің анам көп уақытты ас бөлмеде өткізеді. Ол әр-түрлі тағамдарды дайындауды жақсы көреді. Бүгін кешкі асқа анам плов дайындап қойды. Мен оған үстелге тағамдарды тасып қоюға көмектесемін. Анам тағамдарды өте дәмді етіп дайындайды. Біраз уақыттан соң әкем жұмыстан келіп, біз бірге отырып кешкі асымызды ішеміз. Біз әрқашанда да кешкі асты бірге жейміз.