Ақтөбе қаласы күн сайын өркендеп келе жатқан қалалардың бірі және орасан зор экономикалық, мәдени, туристік потециалы бар өңір. Қаланың іргетасы 1869 жылы ақ төбенің басындағы бекіністің негізінде қаланған болатын. Бұл жасыл желекті заманауи мегаполис өзінің ескерткіштері, сәулет өнерінің керемет туындыларымен, өлкенің арғы-бергі тарихын анық аңғартып тұр. Ақтөбе қаласының ескерткіштері де барып көруге тұрарлық көрнекті орындардың біріне жатады. Мысалы, қалада Кіші Жүз ханы – Әбілхайыр ханға, қазақ халқының батыры – Тама Есет батыр Көкіұлы кесенесі, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр қыз – Әлия Молдағұловаға, қазақ халқының билері - Әйтеке би, Мөңке биге, 1930-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына, А.Жұбанов, Ғ.Жұбановаға, Т.Ахтанов пен Қ.Шаңғытбаевқа арналған ескерткіштер бар. Сонымен қатар өлкеміздің атақты ақыны Н.Байғанинге арналған ескерткіш бар. Ол 1999 жылы Ақтөбе қаласының Әбілқайыр хан даңғылында арнайы тұғырға қондырылды. Ескерткіш жанында көптеген үлкен көлемдегі шаралар өткізіліп тұрады. Мысалы, біздің кітапхана ұйымдастырған «Байғанин оқулары», «Ақтөбе жыр құшағында» атты шаралар өткізілген болатын.Мен Ақтөбені жақсы көрем