Қазақтың ұлттық дастарханында болатын негізгі тамақтардың түрлері: ет тағамдары, сүт тағамдары және нан тағамдары.
Айран. Қаймағы алынған немесе алынбай пісірлген сүтке азырақ су қосып ұйытылады. Ол- жеңіл және сусындық тағам.
Қуырдақ. Қуырдақ кез келген малдың етінен жасала береді. Қуырдаққа еттен басқа өкпе-бауыр қосып жасайды. Қуырдақтың түрлері көп: соғым қуырдағы, өкпе-бауыр қуырдағы, қарын қуырдағы.
Бауырсақ. Шай дастарханының басты асы – бауырсақ. Бауырсақ ең жоғары сапалы ұннан май, ашытқы қосып жасалады. Қазақтың ұлттық бауырсағы әр түрлі пішінде, үш-төрт бұрышты, сопақша, домалақ болады. Бауырсақтың түрлері көп. Мысалы: бармақ бауырсақ, жол бауырсақ, ши бауырсақ, ақ бауырсақ, той бауырсағы т.б.