Əделімік туралы эссе Срочнооо помогитее!!!)

0 голосов
52 просмотров

Əделімік туралы эссе
Срочнооо помогитее!!!)


Қазақ тiлi (60 баллов) | 52 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Бүгін автобуспен үйге қайттым, үлкен әдепсіздікке жолықтым. Жүрегімнің ауырғаны соншалықты, көзімнен бір тамшы жас шығып кетті.. мүмкін мен қатты көңіліме алғаным шығар, алайда бұл мәселені қозғамау мүмкін емес. Автобусқа кірдім, жастар артында, ал үлкен кісілер алдында отыр екен. Мен отырған аялдамадан тағы бір үлкен кісі, жасы шамамен 65 ке келген ата автобусқа кіруге ұмтылды, жүргізуші қарт адамның отырғанына мән бермеді, тіпті атаның кіргеніне көз салмады да есіктерді жауып жүре жөнелді. Қарт кісі құлап кете жаздады, бірақ ештеңе демеді, қолымды беріп едім, рақмет балам деді де қоя салды. Сосын отырайын десе орын жоқ, орын беретін жастар автобустың артына отырып алған. Алдыңғы жағындағы кісілер 40-50 жас шамасында, өздерін кәрі сезінді ме, артындағы жастар орын берсін, жастар отыр ғой деді де қозғалмады. Не деген сараңдық деп ойладым, не деген тас жүректік, ол кісі бізден қарағанда көп нәрсе көрді ғой, бір адам болсын тұрып орын бермеу, не деген адамдар ол сонда, мүлдем түсінбедім. Біраз уақыттан кейін бір жігіт ұйқысынан оянып тұрып, орын берді. Қарт кісінің аяғы ауырады екен, жүруі қиын, әрең дегенде жанағы орынға барып отырды. Жігітке үлкен рахметін айтты. Жігітке мен де риза болдым. Ол ұйқысынан енді тұрғандықтан түк түсінбей қалды. Күлді де шығып кетті, әттең мен де шығып кете алғанымда ғой, алайда аялдамама әлі жеткен жоқпын.  Қарт кісі ешкімге ашуланбады, керісінше сондай жағдайда екеніне өзін кінәлі сезініп қана отырды. Ал мен болсам ол кісіге қарап, мұңаюмен өлен тыңдап тұрдым. Сонымен автобустағы адамдар бірінен кейін бірі түсе бастады, атаның түсетін уақыты келген екен, орнынан тұрып екі аялдама бұрын дайындалып жатыр екен, себебі, басқа адамдарға кедергі келтіргісі келмеген-ау. Неге түспей жатыр екен деп мен уайымдап тұрдым. Сосын барып түсіндім..  ол кісі түсіп бара жатыр еді, сыртқы жақтан бір жігіт көмектесті, оған қатты қуандым. Сосын терезеден қарт кісінің әрең дегенде жүріп бара жатқанын көрдім да, ішімнен аман болыңыз, бұндай жағдайға енді тап болмаңыз деген болатынмын. Мен түсетін аялдамаға жеткенше ойланумен болдым.

(172 баллов)