Рассказ про қамзал ** казахском

0 голосов
50 просмотров

Рассказ про қамзал на казахском


Қазақ тiлi | 50 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Камзол шапанға қарағанда ықшам, қысқа, кобінесе жеңсіз немесе қысқа жеңді болып келетін әйелдің сырт киімі. Салтанаттарға киілетін  камзолдар аса қымбат маталардан белі қыналып, өңірі мен етегі түрлі өрнектермен кестеленіп өрнектеледі.КАМЗОЛ – жағасы мен жеңі ойма, белі қынамалы, етегі тізеден төмен болып келетін, қыз-келіншектерге арналған сырт киім. Қазақстанның Оңтүстік және Шығыс өңірлерінде жеңі шынтаққа келетін шолақ жең немесе тірсек жеңбешпентті де К. деп атаған. Пішілу және тігілу ерекшеліктеріне қарай К.-даржібек камзол, мақпал камзол, қазақы камзол, қынай бел камзол, тірсек камзолдеп түрліше аталады. Жергілікті ерекшеліктерге байланысты халық тілінде К.-ды қамзол, кәжекей, көкірекше, кеудеше, күрме, күрдек, қаркеспе деген атаулар қалыптасқан. Сонымен қатар, кей өңірлерде балалар мен ер адамдар киетін беш- пент, кәжекей де К. деген (қ. Бешпент). К. латын тілінде – camisiale, арабша – kamis, ал французша – camisole деп аталады. Татарлар мен башқұрттарда К. күнделікті киім ретінде қолданылып, камзул, бишмәт деп аталса, қырғыздар кемзел, бешмант, келтече деп атаған. Кейбiр түркі тiлдерiн зерттеушiлер «камзол» мағынасындағы кәзекей сөзiнің башқұрт, татар тiлдерiнен енгендігін айтады.

(68 баллов)