Түнгі аспаннан 88 «жұлдыздар өрнегін» көруге болады. Бұлар -шоқжұлдыздар. Вавилон, Мысыр,Қытай және Грекияның алғашқыастрономдары жұлдыздардықарастырған кезде олардың кейбірінің жануарларға немесе аңыз-әңгімелердің кейіпкерлеріне ұқсас екенін аңғарған. Сөйтіп,оларғаТорпақ (өгіз) немесе Персей (грек кейіпкері) деген сияқты атаулар берді. Кейіннен Телескоп сияқты өзге шоқжұлдыздар табылып, ат қойылды. Көптеген шоқжұлдыздарды осыдан 2000 мың жылдан астам уақыт бұрын алғаш тапқан Қытай мен вавилонның астрономдары еді. Жұлдыздар ежелгі ғалымдардың қызығушылығын туғызды, бірақ телескоптар жоқ болғандықтан, олар көзге көрінетіндерге ғана атау берді. Шоқжұлдыздардың пішіндері мен өлшемдері әр түрлі болып келді. Егер шоқжұлдыздарды құрайтын жұлдыздары сызықтармен біріктірілмесе, аты берілген жануарды немесе заттарды тану әрдайым мумкін бола бермейді. Кейбір шоқжұлдыздардың екі немесе одан да көп атауы бар. Ежелгі гректер Орион шоқжұлдызын Аңшы шоқжұлдызы деп атаса ,ежелгі мысырлықтар Осирис деп атаған.