Халықтың денсаулығы - қоғамымыздың заманауи талаптарының басты мәселесі болып табылады. Бүгінгі таңда орын алып отырған экономикалық дағдарыс, әлеуметтік мәселелердің ушығуы халық денсаулығына кері әсерін тигізді. Сондықтан, Қазақстан халқының денсаулық жағдайын көңіл қынжыларлық жағдайда деп бағалауға болады және соған орай медициналық қызметкерлердің барлық күш-жігерін, халықтың денсаулығын сақтауға жұмылдыру қажет. Оның ішінде, кейінгі қауым, жас ұрпақ - балаларымыздың денсаулығын сақтап, нығайту - қоғам мен мемлекеттің негізгі, кейінге қалдыруға болмайтын міндеттерінің бірі болып табылады.
Көне заманғы қағидада бойнша: «Ас - адамның арқауы» - делінген. Өкінішке қарай, біздің замандастарымыз өзін дені сау және сымбатты сезіну үшін қалай тамақтану керектігін біле бермейді. Тамақтанудың да өзіндік ережелері бар және оларды ескермеуге болмайды, өйткені тамақтану - біздің денсаулығымыздың құрамдас бөлігі екенін есте сақтауымыз қажет. Өткен ғасырдың 80-90 жж. «жүгіріп жүріп қоректену» деп аталатын немесе Фаст-фуд мәдениеті бүкіл әлемге тараған болатын.
Мамандардың айтуы бойынша, көбінесе балалар мен жасөспірімдерде фаст-фуд әдеттенуді туғызады. Олардың денсаулықтарына үлкен зиян келтіретін гамбургерлер, чипсілер және пицца біздің балаларымыздың сүйікті тағамдары болып саналады. Артық салмақ, гастрит және жалпы әлсіздік -зиянды дағдылардың нәтижесі.