Бәйге Спортшының өзі мен оның атына жоғары талап қойылатын ойлы-қырлы, жасанды, бөгесінді жерлерде-де өткізіледі. Бір жағынан, бұлайша жарысты бұрын белгісіз, ойлы-қырлы жерлерде өткізу қазіргі заманғы ат спортының классикалық түріне жуықтайды. Бұл қазақстанның халықтары арасында спорттың классикалық түрлерін кеңінен таратуға өзінің пайдасын тигізетіні сөзсіз. Әсіресе аламан бәйгенің спортшының тактикалың шеберлігін жетілдіруде маңызы орасан зор. Жарыста мықты да жылдам спортшылардың бәрі бірдей жеңе бермейді, мұнда кімде-кім жарысты жаттығу жағынан дұрыс құрып, жағдайды дұрыс бағалап, жарыстың барысында атының күшін тиімді пайдаланса сол ғана жеңіске ие болады. Аламан бәйге ертеректе өте алыс қашықтыққа өткізілетін болған. Қазіргі уақытта аламан бәйге жарыс ережесі бойынша 25 шақырымдық қашықтықта өткізіледі. Жарысқа 7 мен 14 жас аралығындағы шабандоз балалар қатысады, дегенмен майталман жокейлердің қатысуларына да болады. Әдетте мұнда бәйгелер үшін жеңіл салмақты, тырмысқақ және амалшыл балалар таңдалып алынады. Бәйге мен аламан бәйге табандылыққа, батылдыққа, тапқырлыққа үйрететін ұлттық спорттың бағалы түрі болып табылады. Қазақстанда бұл сияқты тамаша спортты кеңінен таратуға барлық жағынан мүмкіншілік мол, республикамызда мініскер аттарды өсіретін арнаулы жылқы заводтары жұмыс істейді.