Түрлі сөйлем мүшелер қызметін атқаратын сын есімдерге мысал

0 голосов
158 просмотров

Түрлі сөйлем мүшелер қызметін атқаратын сын есімдерге мысал


Қазақ тiлi (48 баллов) | 158 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Анықтауыш – сөйлемде негізінен анықтауыш болады. Сұрақтары: қандай? қай? кімнің?ненің? (основная функция  в предложении – определение.                             

Вопросы: какой? кого? чего?)

Мысалы: Сұр бұлт түсі суық  қаптайды аспан.  Жақсының  жақсылығын айт.

Баяндауыш – сын есім жіктік тұлғада тұрып немесе жалғаусыз сөйлем соңында келеді. (имя прилагательное с личным окончанием или без него находится в конце предложения и является сказуемым)

Мысалы: Сен бір артық көркемсің. Әлсіз адам сүріншек. Қар аппақ.  Орамал түсі – қызыл. Бүгін ауа райы суық.  Оның жақсы  көретін түсі – жасыл.

Толықтауыш – заттанып келіп, толықтауыш болады. Табыс, барыс, жатыс, шығыс,көмектес септіктер сұрақтарына жауап береді.

(субстантивируясь, отвечая на вопросы данных падежей, выполняет 

функцию  дополнения)

Мысалы: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез. Ол алманың сарылауын таңдады. Ол судың ыстық-суығына қарамады.


Пысықтауыш – сын есім етістіктің алдынан келіп, іс-әрекеттің сынын білдіреді.Сұрағы: қалай? (находясь перед глаголом, определяя способ действия и отвечая на вопрос - как? ,выполняет функцию обстоятельства)

Мысалы: Айман бөлмесін таза ұстайды. Ол домбырада шебер ойнайды. 

Бастауыш – заттанған сын есім атау септігінде тұрады. (субстантивированное имя  прилагательное находится в форме именительного падежа и является подлежащим)

Мысалы: Ұялшақ сыбағасынан құр қалады. Сыпайы сырын сақтар.
(643 баллов)