Менің сүйікті кітабым "Қазақ ертегілері" Ертегілер мені қиял ғажайыптарға жетелейді.Кітапты оқып отырып сол таңғажайыптың ішінде жүргендей боламын.Еш қашанда оқып отырғанда зерікпеймін. Керісінше мені кейіпкерлермен бірге ұзақ сапарларға алып кетеді.Оқып болғаннан соң ертегідегі батырдай болып елімді қорғағым келеді. Ақылды болып жетім-жесірге қайрымдылық жасасам деймін. Менің бойыма кітап оқу арқылы қайрымдылық, өжеттік қасиеттері сіңе бастады. Мен сондай кереметтерді армандайтын болдым. Сондықтан оқыған ертегілерімді басқа балаларға айтып беремін.Ойым олар да мен сияқты армандаса екен.