Мемлекеттік рəміздер – еліміздің дербестігі мен тəуелсіздігін күллі əлемге жария етуші, əрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, сонымен қатар халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман- тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Ұлттардың сан түрлі қырларын, ерекшеліктері мен артықшылықтарын, егемендігі мен бейбітшілігін көрсетеді жəне өзін-өзі құрметтеу мен мақтаныш сезімін орнықтыра түседі, сондай-ақ, əлеуметтік жəне экономикалық институттардың қызметіне, саясатқа, ұлттық қорғанысқа көпшіліктің атсалысуы үшін этикалық негіздерді қалыптастырып, ұлттық бірегейліктің тірегі жəне əрбір мемлекеттің дамуының ажырамас бір бөлігі болып табылады. Еліміздің азаматтарының рəміздерге деген қарым-қатынасы, олардың қаншалықты деңгейде өздерін осы елдің азаматы санайтындықтарының жəне болашаққа сенімінің, отансүйгіштіктің көрсеткіші іспеттес. 1992 жылдың 4-маусымы ҚР рəміздері бекітілген күн болып тарихта қалды. 2007 жылғы 4-маусымда Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың қол қойып бекіткен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рəміздері туралы» Конституциялық Заңы мемлекеттік рəміздерімізді пайдалану тəртібін нақты белгілеп берді. Мемлекетіміздің Елтаңбасы қазақ тіліне аударғанда, ол «таңба», «белгі», тіпті «мұра» деген мағына береді. Біздің Туымызға көгілдір жəне алтын түс таңдалып алынған. Көгілдір түс біздің халықтардың бұлтсыз келешегіне, аспан ортақ дегенге ырымдалады. Туымыздағы бұл түс ынтымаққа, ауызбіршілікке, жаһандағы халықтар бірлігіне бастап тұр. Тудың ортасындағы күн өмір бастауы мен қуаттылық. Бүркіт те біздің халқымыз үшін көкке самғаған киелі құс. Бұл – тəуелсіздіктің символы. Біздің туымыздың шетіне алтын түспен қошқар мүйізді ою салынған. Қазақ ою-өрнегі – байлық пен молшылықтың нышаны. Мемлекеттік рəміздерге деген құрмет еліміздің маңызды конституциялық нормаларына сəйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рəміздері туралы» былай делінген: «Елімізде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары жеке тұлға ретінде Қазақстан Республикасының Туын, Қазақстан Республикасының Елтаңбасын, Қазақстан Республикасының Əнұранын міндетті түрде құрметтеуі керек. Осы Жарлыққа сəйкес азаматтардың оны құрметтеуі үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік рəміздерін əлемге əйгілеу жəне насихаттау шаралар жиынтығы негізінде тұрақты түрде жүзеге асырсын» делінген. Сондықтан мемлекеттік рəміздерді қастерлеу азаматтарымыз үшін басты міндет болып табылуы тиісті.