Ел барда, ер қор болмас, Ер барда, ел қор болмас. Батырды жауда, шешенді дауда сына. Батырдан – сауға, Аңшыдан – сыралғы. Ердің құны – жүз түйе, Көздің құны – елу тайлақ. Батыр болсаң – жауыңа найзаң тисін, Бай болсаң – еліңе пайдаң тисін. Мерген қорғаныста тіреніш, Шабуылда сүйеніш. Мергеннің көзі де мерген, Қолы да мерген. Еліңді сүйсең ерлік істейсің. Қылышты қорқақты, Сойылды батыр соғып алады. Батырға оқ дарымайды, Батылға жау жоламайды. Жауынгерге жара да жарасады.