Олар Арайлымға өз сыйлықтарын беріп жатты. қарындасымның аққұбаша жүзі куаныштан бал-бұл жанып, мәз болды. Сыйлықтар бір-бірінен өткен әдемі, қажетті заттар екен. Арайлымға қатты ұнаған сыйлық көрші апайдың әкелген сөмкесі болды. Қонақтар кезекпен тілектерін айтып жатты.
Кезек маған да жетті. Мен қарындасыма ағалық лебіздерімді білдіріп, әкем екеуіміз алған сыйлықты әкелдім.Көйлектің көк түсін көрген Арайлым оны киіп көргісі келіп, өз бөлмесіне кетті.