Рассказ ** теМу үндестік заңы

0 голосов
71 просмотров

Рассказ на теМу үндестік заңы


Қазақ тiлi (12 баллов) | 71 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Сабақтың тақырыбы: Үндестік заңы. Буын үндестігі 
Жалпы мақсаты: Жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру мен оқуда негізгі идеяны жадына сақтауына бағыт беру. 
Интертақтадан электрондық оқулықты, слайдты пайдалану арқылы жаңа тақырыпты меңгерту; 
Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз бетінше ізденуге, өз ойын еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу. 
Тапсырма барысында дарындылық қабілеттерін байқау; 
Оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалау арқылы білім деңгейін анықтау және бірін-бірі бағалай білуге үйрету. 
Сілтеме 1.Мұғалімге арналған нұсқаулық (үшінші негізгі деңгей) ҚРПКБАКБ (www.cpm.kz) 
2. 5-сынып қазақ тілі оқулығы /Қосымова Г, Дәулетбекова Ж/ 
3. Электрондық оқулық 5-сынып -2013 жыл 
4. Шығармашылық тапсырмалар 
5. Бағалау бетшелері, смайликтер, білім ағашы. 
Оқыту нәтижелері • Ойын жүйелі жинақтауға үйренеді. 
• Тосын сұрақтарға нақты жауап беруге дағдыланады. 
• Өзара пікірлесіп, ортақ шешімге келеді. 
• Сыни ойлау стратегиясы: миға шабуыл арқылы шығармашылыққа тәрбиеленеді. 
• Бірін-бірі бағалауға дағдыланады. 
Негізгі идеялар Жақсы сөз жан сүйсіндіреді, 
Бойға қуат бітіреді. 
Тапсырма көздері І. «Садақ ату» Білім ғаламшарына саяхат 
1-тапсырма «Ұжымдық жұмыс» 
Сұрақтарға жауап беру 
1.Фонетика нені зерттейді? 
2. Дыбыстар нешеге бөлінеді? 
3.Дауысты дыбыстар дегеніміз не? 
5. Буын дегеніміз не? 
6. Буын нешеге бөлінеді? 
7. Дауыссыз дыбыс дегеніміз не? 
8. Тасымал дегеніміз не? Тасымалданбайтын сөздер. 
9. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата 
ІІ. «Тас қақпа» бекеті. 
Интертақтадан 5-сынып электрондық оқулық көрсетіледі. 
Үндестік заңы – түбір мен қосымшаның және сөз аралығындағы дыбыстардың бір – біріне ықпал етіп, өзара үйлесіп, айтылуын үндестік заңы дейміз. Үндестік заңы екіге бөлінеді: 
1)буын үндестігі 2)дыбыс үндестігі. 
Буын үндестігі 
Сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не біріңғай жуан, не біріңғай жіңішке болып үндесуін буын үндестігі (сингармонизм) деп атаймыз. 
Сингармонизм – гректің Sun «бірге» және hanmoni «байланысу, үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин. 
Үндестік заңына сай қазақ тілінің байырғы сөздері не біріңғай жуан, не біріңғай жіңішке болады. Мысалы, ата, ана, бақыт, кереге, кілем, өріс. 
Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар мынадай сөздерде араласып келеді: 
1.Басқа тілден енген сөздерде: 
Мысалы: кино, математика, кітап 
2.Біріккен сөздер мен қос сөздерде: 
Мысалы: Екібастұз, асығыс – үсігіс 
/Мұндай сөздер аралас сөздер деп аталады./ 
ІІІ. «Күміс қақпа» бекеті 
314 – жаттығу «Артық білім кітапта» 
І топ Жуан сөздерді теріп жаз 
ІІ топ Жіңішке сөздерді теріп жаз 
ІІІ топ Аралас сөздерді теріп жаз 
ІҮ топ Тасымалданбайтын сөздерді теріп жаз 
316 – жаттығу 
І топ 
Күндіз көрінетін жұлдыз қалай аталады? Бұл - аспан .... ғы ең жарық жұлдыз, жарықты.... сондай, азанда – барлық жұлдыз өшкен кез.... таң шапағы.... бірге жарқырап тұрады. Ал ақшам... көк жүзінде бар жұлдыз ... озып, ең алдымен көріне... . Бірақ бұл жұлдыз емес. 
ІІ топ 
Бұл - Шолпан (ғылым тілінде Венера деп аталады), біз.... күн жүйесіндегі екінші планета. Басқа планеталар сияқты, Шолпан да өздігі .... жарық шығармай.... , тек күн жарығ..... шағылдырады. Сондықтан да ол күміс..... жарықыраған шам сияқты бол... көрінеді. 
ІІІ топ 
Ақ сәулелі әсемдігі.... орай Шолпан .... таң жұлдызы деп те атай.... Шолпан мен біздің Жер ... ұқсас сипаттар... көп. Екеуі де көрік... : бірі – көгілжім, екіншісі – ақ күміс. 
ІҮ топ 
Көлемдер ... де шамалас, екеу... де ауа желектері... оранған. Бірақ жермен салыстырғанда қозғалыс... баяу әрі оралымсыз. Жер өз осінен 118 рет айнал..ды, Шолпан бір –ақ рет айналып үлгере – екен. 
Сергіту сәті « Қызыл өрік» 
ІҮ. «Алтын қақпа» бекеті 
Шығармашылық тапсырма 
«Қазақтың ұлттық ойындары» туралы ой толғау 
Ү. Алтын сандық 
Оңнан солға қарай оқылса да, солдан оңға қарай оқылса да өзгермейтін 5 әріптен тұртын сөздер ойлап жазу. 
Мысалы : қызық, қазақ, кебек, қалақ, қырық, кесек, надан. 
Кейінгі тапсырмалар ҮІІ. Кірме сөздерге қосымшалардың жалғануындағы үндестік заңының ерекшелігін айт 
315-жаттығу 
Кері байланыс 
ҮІ. «9 алмаз» ойыны (Алтын сандық ашылады) арқылы қорытындылаймын. 
1. Үндестік заңы нешеге бөлінеді? 
2. Буын үндестігі дегеніміз не? 
3. Кірме сөз дегеніміз не? Мысал келтір. 
4. Буын түрлерін ата 
5. Бүгінгі сабақ несімен ұнады? 
6. 
7. 
8. 
9. 

Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау


(106 баллов)