1.Оң жағымда бес сарбаз,
Сол жағымда бес сарбаз.
/он саусақ/
2.Қолы жоқ,аяғы көп, /қырықаяқ
3.Терісі сары, еті дәрі. /лимон/
4.Қолыңмен тиме, үсті толған ине. /кірпі./
5.Өзі үлкен жануар, үстінде екі тауы бар. /түйе/
6.Мен кетемін, ол қалар. /из./
7.Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тонады. /қар/
8.Шеңбер жасап өседі,желмен бірге көшеді. /қаңбақ/
9.Бұдан кір қорқады, судан бұл қорқады. /сабын./
10.Тілі жоқ өзінде, сөзі бар ізінде. /қаламсап/
/