Срооочно перевидите пажалуйста текст Бүгін - Елнұрдың анасының туған құні. Елнұр анасына жыл сайын гүл шоғын немесе әтір ұсынатын. Ақшаны әкесі беретін. Ал бүгін әкесінен ақша алмады. Түсті қағаздан гүлдерді қиып, қағазға жапсырды. Анасына деген құттықтау тілегін жазды.
Кешкісін отбасымен мерекелік дастарқан басына жиналды. Бәрі туған күн иесіне сыйлықтарын бере бастады. Елнұр сыйлығын ұсынуға ұялып, тұрып қалды. Осы кезде ұлына анасының көзі түсты.
-Ұлым, саған не болды ?
-Анашым, мен сізге сыйлықты қолдан жасадым. Сыйлығымды беруге ұялып тұрмын, - деп Елнұр артына тыққан сыйлығын ұсынды.
Анасы құттықтау тілегін дауыстап оқыды.
Нұрын төккен маған
Шуағымсың – сен !
Айналайын, ана,
Туған күніңмен !
Шаттандырған мені
Ән қанатым – сен!
Құттықтаймыз сені
Салтанатыңмен!
-Ұлым, бұл Мұқағали Мақатаевтың өлеңі ғой
-Иә, анашым, біз мұны қазақ тілі сабағында жаттадық.
-Бұл – мен үшін ең қымбат сыйлық! – деді анасы.