Ғаламтордың пайдасы сочинение

0 голосов
144 просмотров

Ғаламтордың пайдасы сочинение


Қазақ тiлi (30 баллов) | 144 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Ғаламторсыз (интернет) өмір сүру мүмкін емес деп жүргенде, интернеттің дәурені аяқталатын дәуір келе жатыр деген болжам жасайтын шетелдік сарапшылар шықты. Олардың айтуынша, қазіргі таңда әлемдік ғаламтор желісін пайдалану қауіпті болғаны өз алдына, оған көпшіліктің қызығушылығы да төмендеп барады. Кім біледі, ғаламторды ойлап тапқандар оның шарықтау шыңы, құлдырайтын кезі болатынын білген де шығар?.. Яғни сарапшылардың айтуынша, енді интернетті шексіз әрі ашық қалай болса солай пайдалана алмайды. Заң да, талап та күшейді.
Ресейлік сарапшы Мария Авдеева жақын арада ашық ғаламтор дәуірі аяқталады деп отыр. Қазіргі таңда мемлекеттер ғаламторды заң аясында қатаң бақылауында ұстауға күш жұмылдырып жатыр. Ресей, Беларусия, Қытай, Иран, Корея, Жапония, Австралия елдері мемлекеттік саясатқа қарсы сайттарды соттың шешімінсіз де жауып тастағаны баспасөз беттерінде жазылды. Осылайша ғаламтордағы ақпарат ағынын шектеуде мүмкіндік алып отыр.

Жақын уақытта АҚШ-та да ғаламтордың жұмысын бақылауға арналған заң қабылданбақ екен. Олар заңсыз интернет-сайттардың жұмысын шектеп, жауып қана қоймай, барлық ғаламтор заңына бағынуы мүмкін. Ал ғаламтордағы көптеген желілер АҚШ арқылы тарайтынын ескерсек, әлемдегі көптеген сайт АҚШ-тың ашса алақанында, жұмса жұдырығында болады деген сөз. Осы жерде «ақпарат кімнің қолында болса, билік те сонда” деп жиі еститін сөзімізді еске түсірген жөн болар. Бірақ мәселенің екінші жағы бар. Ол үшін ғаламтор заманы өтіп барады дегендердің уәжі қандай екенін біліп алған абзал. Ғаламтор – жаһандану заманында әлеуметтік-технологиялық ортада сөз бостандығы мен ешкімге бағынбаушылықтың, кіріптар болмаудың қағидасы ретінде көшбасшы үлгі болды. Әркім өз ойын ғаламтор арқылы ашық айта алады. Құрығанда, адамдар мақала соңына коммент-пікір жазып, шерін тарқатады. Аталған қағидалар негізінде 1970 жылдары АҚШ зертханаларында ядролық қаруды жасаушылардың байланыс құралы ретінде пайдаланылды. Бірақ, ғалымдар ғаламтордың әлемді қиратып, адамдарды аздырып жіберетін қуатты екенін ойламаған секілді. Әлемді әлем-жәлем қылуды көксегендер ғаламторды «күл-қоқысқа» толтырды. Ал мемлекеттердің құзырлы орындары халқын азғындықтан сақтау үшін ғаламтор жүйелері арқылы тарап отырған күштерді жоюмен айналысуға мәжбүр.
Желілерде әлеуметтік бақылау тетіктері мен қағидаларының болмауы небір қатерді тудырып жатыр. Мысалы, өз-өзін өлтіруді, нашақорлықты, педофилдікті насихаттаушыларды ешқандай жауапкершілікке тарта алмайды. Ол насихаттаушының авторын білген күннің өзінде, оны тұтқындау біраз қиыншылық туғызады. Себебі, ол Беларусияда отырып, АҚШ-тағы сервер арқылы, Ресейдің тұрғындарына насихат жұмыстарын жүргізген болуы мүмкін. Сондықтан да ашық ғаламторда насихат жұмыстарын жүргізушілерді табудың өзі бір мұң.
Алайда әр елдегі мамандар да, құзырлы органдар да қол қусырып қарап отырған жоқ. Ғаламтордағы ақпараттарды бақылап, реттеуді жолға қойып келеді. Мысалы, Ресейдегі ең танымал «Живой журнал» блог-сервисінде пайдаланушылардың сөзін тексеретін жартылайавтоматты құрылғы орнатылған. Пайдаланушыдан жіберілген хатта экстремизмді, нашақорлықты басқа да келеңсіз нәрселерді насихаттайтын сөздер болса, онда «смс» жіберушінің желісін 1 сағат көлемінде сайттан ағытып, байланысты үзіп тастайды. Тағы да басқа осы сынды жүйелер жетіп артылады. Телефон арқылы ішінде бұрыс істерді насихаттайтын сөздері бар «смс» хат жіберетін болса, сол телефон арқылы экстремистерге қоңырау шалған болса, онда телефондарға автоматты түрде тыңдау құрылғыларын қосады. Және экстремизмді насихаттағаны үшін жауапқа тартады. Тыңдау құрылғыларына мысал ретінде: CBoss, Поток, Siemens Intelligence Platform тағы осындай көптеген автоматты құрылғыларды айтуға болады.
Қысқасы, тыңшылық құрылғыларды жасаушылар мен одан сақтанушылар арасында толассыз күрес жүруде. Бұл күреске ондаған мың адам өмірін арнап, миллиардтаған қаржы салынып жатыр. Егер ғаламтор мемлекеттің қарауына түгелдей өтсе, онда ғаламтордағы «еркіндікке» құлшынғандардың жолы кесіледі. Бүгінде мемлекеттер бір ғана «кнопканы» басып, қалаған сайтты өшіре алатын жағдайға жетіп отыр.
Сарапшылардың айтуынша, мемлекеттер ғаламторды осылай бақылайтын болса, алдағы бір-екі жылдықта тек мемлекеттік лицензиясы бар БАҚ сайттары ғана қалады. Қалғаны жүз пайыз құқық қорғау органдарының «құзырында» болатын сыңайлы.

(82 баллов)