"Құлыншағым" Ауылда менің ата-əжем тұрады. Олардың өздерінің шаруашылықтары бар. Солардың бірі- жылқылар. Олар өте əдемі жануарлар, ал олардың құлыншақтарын айтсаңызшы өте сүйкімді. Мен жыл сайын осы құлыншақтар үшін келемін. Оларды атаммен бірге барып суарамын. Олар су ішіп алып, ойнақтап секіріп ойнайды. Атам екеуміз соны қызықтап қараймыз. Мен өскенде мал дәрігері боламын.