Сочинение ** тему : Казахский язык . ** казахском языке

0 голосов
37 просмотров

Сочинение на тему : Казахский язык . На казахском языке


Қазақ тiлi (123 баллов) | 37 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Менің ана тілім - шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Ақын С.Торайғыров ана тілімді:

Сүйемін туған тілді - анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін, – деп жырға қосқан.

Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г. Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам - жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.

(429 баллов)