менің дүниеде барлығынан артық көретін досым БОЛҒАН... Оның аты - Айнұр еді. Мен оны қатты сыйлағам. бірақ мен оның біреуді менен артық көретінін білмеппін. Екеуіміз қазір тіпті бір-бірімізге сәлем демейміз де! Ал бұрын қандай едік!!! Әй, мүмкін көз тиген шығар!
Не болғанын айтайын: Бір күні алгебра сабағында менің қасымда отыратын бала сұранып кетіп қалды да, мен жалғыз отырып қалдым. Сосын мен Айсұлудың қасында отырған өзімнің жан досыма : "бері кел қасыма!" деп едім, Айсұлу Айнұрға "отырма" деп айтып қалды. Сосын Айнұр маған: "мен отырмаймын" деп айтты. Сосын екеуі сыбырласып, маған қарап күлді. Содан кейін мен Айнурамен сөйлеспеймін. Біреудің айтқанын істеп жүрсін дедім де қойдым.
Бірақ қазір жалғызсырап жүрмін. Оны сағынамын. Кеше Айнұрдың Айсүұлуға асханадан қалай тоқаш алып бергенін көріп, ішім өртеніп кете жаздайды. Айнұр мен Айсұлу бір-бірінен бір елі ажырамайды. Шынымен, Айнура мені тастады ма, жоқ әдейі істейді ма, ия болмаса, оны солай істеуге біреу мәжбүр етті ма?
Мен өз досымды қайтарғым келеді. Бұл үшін ең алдымен не істеуім керек? Жәрдем сұраймын!!!"