Салқын мезгілде қорға, сауысқан, бозторғай, кептер және т.б. құстар қыстап қалады. Олар жылы жақтарға ұшып кетпейді. Құстардың қыста қорек табуы қиын. Өйткені жердің бетін қар жабады. Ауа температурасы төмендейді. Олар адамдар мекендейтін жерлерде, тамақтардың қалдықтарымен қоректенеді. Құстар табиғат үшін, адам үшін пайдалы. Олар терктердегі құрттар мен шыбын - шіркейлерді жеп, өсімдіктерді қорғайды. Балалар қанатты достар -құстарға қыс кезінде қамқорлық жасап, оларға дән сеуіп көмектеседі.