Тулкы туралы малымет

0 голосов
216 просмотров

Тулкы
туралы малымет


Қазақ тiлi (112 баллов) | 216 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ақ түлкілер Солтүстік Америка мен Еуразияның орманды тундрасында, тундрада және Солтүстік Мұзды мұхиттыңаралдары мен Командор, Алеут, Прибылов аралдарында таралған. Дене тұрқы 45 – 75 см, құйрығы 25 – 52 см, салмағы 2 – 9 кг. Сыртқы пішіні қызыл түлкіге ұқсас, бірақ тұмсығы мен құлағы қысқа келеді. Терісінің түсіне қарай ақ және көгілдір болып бөлінеді. Ақ түлкі жылына 2 рет түлейді. Қыста жүні ұзын қалың, жұмсақ және біркелкі ақ, ал жазда ақсары бурыл болады. Көгілдір түлкі түлемейді. Ақпан – наурызда ұйығып, 52 күннен кейін 3 – 15, кейде 22 күшік табады. Күшігін баулып жетілдіргенше інінен ешқайда кетпейді. Күз – қыс айларында тамақ іздеп кезіп жүреді. Тамақ талғамайды. Олар көбіне тышқантәрізді кеміргіштер – леммингтер мен және тоқалтістермен, құстармен қоректенеді. Қолда бағылып та көбейтіледі. Ақ түлкі – терісі өте бағалы аң, сол үшін ауланады.[2]

(151 баллов)